Қазақстанның 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 шілдеде Атырау облысында 36 градус ыстық болады.

Нұр-Сұлтанда толассыз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жел тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, бұршақ жауады. Тәулік бойы найзағай ойнайды.

Ақмола облысында толассыз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс-Қазақстан облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, желдің екпіні — 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік бөлігінде 35 градус ыстық болады.

Павлодар облысында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, толассыз жаңбыр мен бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады,  желдің екпіні секундына  25 метрге күшейеді.

Қостанай облысында найзағай ойнайды, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.