Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, халықпен амандасты

Видео скрині
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Түркістанға келген Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның халықпен кездесу сәті әлеуметтік желіде кең тарады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Желіде тараған видеодан Түркия басшысының кортежі өтіп бара жатқанда бір топ азаматтың оны телефонға түсіре бастағаны байқалады. Халықтың ықыласын байқаған Ердоған кортежін жол бойында тоқтатып, жиналған жұртпен амандасқан.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Көпшілік бұл сәтті жылы қабылдап, Түркия басшысының қарапайым мінезіне тәнті болған.

Айта кетейік, бүгін Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтіп жатыр.