Қазақстанның көп өңірінде апта соңына дейін боран соғады

Қазақстанда апта соңына дейін ауа райы қандай болады? «Қазгидромет» мамандары 23-25 қаңтар күндерінің ауа райына болжам жасады.

Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды, республиканың көп бөлігі бұрынғысынша Скандинавия мен Ресейдің солтүстік аудандары арқылы жылжитын Атлантика циклондарының атмосфералық фронттарының ықпалында болады. Сондықтан көп облыста қар жауып, боран мен батыстың күшті желі соғады, солтүстік облыстарда желдің екпіні секундына 30 метрге жетуі мүмкін, сонымен бірге тұман түсіп, көктайғақ болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Бүгіннен жексенбіге дейінгі аралықта елімізде ауа температурасы орташа көпжылдық шамадан 5-8 градус, солтүстік облыстарда 8-13 градус жоғары болады.