20 ақпандағы ауа райы: қарлы боран мен күшті жел

Синоптиктердің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде боран соғады, жел күшейеді, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Қостанай облысының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысында кей жерде боран соғады, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран соғады, тұман түседі, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды облысында кей жерінде тұман түседі, жел екпіні секундына 18 метрге дейін күшейді, боран соғады. Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түседі. Жамбыл облысында да кей жерінде тұман күтіледі, жел екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.

Елімізде апта соңына дейін ауа райы қандай болады?