Отан қорғаушы күні батыстан басқа өңірлерде аспан ашық болады

7 мамырда республикамыздың батысында жаңбыр мен бұршақ жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, найзағай ойнайды, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің хабарлауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, өңірде жел екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысында да 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола, Қарағанды облыстарында топырақ бетіне 3 градусқа дейін ызғар түседі. Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бассейнінде (2600-2800 метр биіктікте) қар көшкіні болуы мүмкін.