Еліміздің көп өңірінде бүгін де қарлы боран соғады

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша Жамбыл облысында кей жерде екпіні секундына 23-28 метрге жететін жел мен жаяу бұрқасын соғады, облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады, тұман түседі, көктайғақ болады.

Павлодар облысында боран соғады, кей жерде көктайғақ болады, жел екпіні секундына 30 метрден асады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, боран соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында және Нұр-Сұлтанда боран соғады, жел екпіні кей жерде секундына 23 метрге жетеді, көктайғақ болады.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ болады, 15-22 метр/секунд жел соғады.

Алматы облысының Жалаңашкөл көлі ауданында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді, кей жерде тұман түседі.

Ақтөбе облысының кей жерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында кей жерде көктайғақ болады, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстарында ауа температурасының жоғарылауына байланысты өзен-көлдерде мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін.