Сенат «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.
Елімізде тұтынылатын энергияның үштен бірі 928 ірі кәсіпорынға тиесілі. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Марат Қарабаев айтты.
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік энергетика апталығы мен ХIV KazEnergy Еуразиялық форумы аясында өткен "Әлемдік энергетикалық трилемма 2021 – компоненттер теңгерімі: энергетикалық аймақтар бойынша өзгерістер навигациясы" атты жаһандық пленарлық мәжілісте бейнеүндеу жасады.
Алматы 2 сағат бойы электр жарығынсыз қалды. "АлЭС" акционерлік қоғамына қарасты екінші Жылу электр орталығының энергия көзінде техникалық ақау болған. Қазір жүйенің істен шығу себебі анықталып жатыр.