Не болды?
Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер мен Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Еліміздегі 124 теміржол вокзалы, ал өңірдегі бес теміржол вокзалында жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, жөндеу жұмысы аяқталған Риддер мен Шемонаиха теміржол вокзалдары пайдалануға берілді. Жөндеу жұмысы аясында вокзал ғимаратының қасбеті мен ішкі бөлмелері, инженерлік желі, жолаушылар платформасы мен іргелес аумақ толық жаңарды. Сондай-ақ заманауи жабдықтар мен жаңа жиһаздар орнатылды. Жаңғыртудан кейін Риддер вокзалының жалпы ауданы — 471 шаршы метр, ал Шемонаиха вокзалының ауданы — 230 шаршы метр.
Контекст
Естеріңізге салайық, Семей вокзалындағы құрылыс 2 ауысымдық режимге көшті.
