Заңсыз майнингпен күрес энергия шығынын 1,4% төмендетті

Бұл туралы үкімет отырысында энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Қазіргі уақытта біртұтас энергетикалық жүйе тұрақты жұмыс істейді. 16 қазанда экспортты ескергеннің өзінде энергия өндіру 86,9 миллиард КВт/сағ құрады. Тұтыну көлемі — 86,8 миллиард КВт/сағат. Бұл былтырғыдан 1,4% төмен. Тұтынудың төмендеуі көбіне майнинг бойынша заңсыз қызмет іске асырған тұлғаларды анықтау бағытында жүргізілген жұмыстарға байланысты, — деді Болат Ақшолақов.