Қуаты ұзақ уақытқа жететін смартфондар рейтингі жарияланды

Ең ұзақ пайдалануға болатын смартфондар арасында қуаты 11 сағатқа жуық уақытқа жеткен Samsung Galaxy S8 Active көш бастады, деп хабарлайды Korrespondent.net.

Екінші орынды 10 сағат 35 минут көрсеткішпен iPhone 8 Plus иеленді, ал үздік үштіктің қатарынан 9 сағат 34 минут көрсеткішпен LG V30 смартфоны көрінді.

Бұл ретте S8 Active аккумуляторының сыйымдылығы 4000 мАч, ал iPhone 8 Plus тек 2691 мАч қана құрайды.

Басылымның хабарлауынша, тестілеу гаджеттердің күнделікті пайдалануына бейімделген арнайы әдістеменің көмегімен жүргізілген. Осылайша, құрылғылардың шынайы энергия тұтыну көрсеткіштері анықталды.