Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Юпитерден энергия алу: NIS оқушылары әлемдік байқауда жеңіске жетті

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Не болды?

Алматыдағы Медеу ауданындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары National Space Society ұйымдастырған Space Settlement Contest 2026 халықаралық байқауында екі рет жеңіске жетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Мектеп ақпаратына қарағанда, байқауға әлемнің 31 елінен 23 мыңнан астам оқушы қатысқан. Ғылыми-инженерлік сайыста оқушылар «Icarus: Baiterek» жобасымен бірінші орын, «Promethius» жобасымен үшінші орын алды.

Екі команда да жобасын 2026 жылғы маусымда АҚШ-тың Виржиния штатында өтетін халықаралық конференцияда таныстыруға шақыру алды.

Анықтама

«Icarus: Baiterek» жобасы – Юпитер жүйесіндегі Каллисто орбитасында салынатын өзін-өзі қамтамасыз ететін ғарыш станциясының ғылыми концепциясы. Жоба ғарышта өмір сүру мүмкіндігін қарастырумен қатар, Жердегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Жоба инженерия, биология, химия, ақпараттық технологиялар мен экономиканы біріктіреді.

«Promethius» жобасы да Каллисто орбитасындағы ғарыш станциясының концепциясына арналған. Ол төрт сақинадан тұратын құрылымға негізделіп, айналу арқылы жасанды гравитация қалыптастыруды көздейді. Команда станцияның 3D моделін жасап, ресурстарды жеткізу, тіршілік жүйесі және болашақ колонияның құрылымын ұсынды.

Space Settlement Contest — мектеп оқушылары мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми-инженерлік байқау. Онда қатысушылар ғарышта өмір сүруге арналған станциялар мен колониялардың концепцияларын әзірлеп, тіршілікті қамтамасыз ету, энергия, қауіпсіздік және басқару жүйелерін қамтитын кешенді жоба ұсынады.