Елімізде электр энергиясымен қамту үшін қандай шара қабылданып жатыр?

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру сағатына 112,3 миллиард киловатты құрап отыр. Тұтыну көлемі өткен жылмен салыстырғанда 6,3% өсті. Осы орайда қазан-қараша айында 0,25 миллиард киловатт көлемінде электр энергиясының тапшылығы байқалды. Аталған тапшылық Ресей Федерациясының энергия көздері есебінен өтелді. 2030 жылға қарай электр энергиясын өндіруді сағатына 141,2 миллиард киловаттқа дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Осылайша, ел экономикасының электр энергиясына деген қажеттілігін өтеу мақсатында өндірісті 11 гиговаттқа дейін жеткізу міндеті тұр. Ол міндетке жұмыс істеп тұрған электр станцияларын қайта жаңғырту, жаңа станциялар салу, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін іске қосу арқылы қол жеткізіледі, — деді Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл елімізде жаңартылатын энергия көзін өндіретін 19 нысан іске қосылды.

Отын-энергетикалық кешені саласында жалпы сомасы 29,8 триллион теңге болатын 157 жобаны іске асыру жоспарланған. Министрлік белгіленген жоспарларды орындау үшін және алынған міндеттемелер шеңберінде мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салатын болады. Бүгінгі күні біздің министрлік 2030 жылға дейінгі еліміздің отын-энергетикалық кешенін одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірледі, — дейді ведомство басшысы.