Күннен қуат алатын «Электронды қол» пайды болды

«Электронды қолдың» басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға қол протезін мейлінше сезімтал және арзан бағада ұсыну. Ол үшін Равиндер Дахия бастаған бір топ ғалымдар иілгіш қабаттар үшін өндірістегі графен материалын пайдаланды.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Глазго инженерлері бұл материалды 100 есе арзандатудың жаңа әдісін ойлап тапқан еді. Бұл мамандарға қол протезі үшін адам сезімталдығымен бірдей берік қабат жасауға мүмкіндік берді.

«Адам қолы қан қысымын, температураны тері арқылы миға жеткізетін аса қиын жүйе», – дейді Дахия.

Оның айтуынша жаңа «электронды» қол да осы қасиетке ие.

Зерттеу барысында ғалымдар тағы бір мәселенің түйінін шешті. «Электронды» қолға қажетті энергияны ғалымдар күннен алудың жолып тапты. Қазір олар өз өнертабыстарын жетілдіру үстінде жұмыс атқарып жатыр.

Ғалымдардың жаңа жобасы жайлы толық ақпарат Advanced Functional Materials журналында жарияланды.

Дереккөз24.kz