Қазақстанға өз электр энергиясы түгел жетіп отыр

2018 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде электр энергиясын өндіру сағатына 54,8 миллиард киловатқа жетті, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,4%-ға көп. Энергия өндірісінің негізгі көлемі әдеттегідей Павлодар (республика бойынша өндірістің 42,9%-ы) және Қарағанды (12,7%) облыстарына тиесілі. Бұл туралы Energyprom сарапшыларының зерттеуінде айтылады.

Зерттеуге қарағанда электр энергиясы мен қуаты нарығындағы қазақстандық оператор мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің мәліметтері сәйкес келмейді.

Оператордың мәліметінше, Қазақстан бойынша электр энергиясын өндірудің 81,5%-ы жылу электр станцияларына (өткен жылға қарағанда 79,4%-ға көп), 8,4%-ы газ-турбина станцияларына (өткен жылға қарағанда 8,2%-ға көп), 9,7%-ы су электр станцияларына (өткен жылы 12% болды), 0,4%-ы жел (өткен жылға қарағанда 0,3%-ға көп) және былтырғыдай 0,1%-ы Күн энергиясы станцияларына тиесілі.

Қазақстан өзін электр энергиясымен 98,8%-ға қамтамасыз етіп отыр. Экспорт 87,4%-ға артқан. Маусым айының қорытындысы бойынша бір жылда электр энергиясы тарифі тұтынудың алғашқы деңгейінде электр плитасын қолданушылар үшін 8,7%-ға, электр плитасын қолданбайтындар үшін 14,2%-ға өсті. Алғашқылары үшін 100 киловатт-сағат электр энергиясының құны 1231 теңге, екінші топ үшін 1210 теңге болды.