Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Түркістандағы Қарашық өзенінің жағасында жаңа эко саябақ ашылды

Фото: Нұрназар Әмзе/Baribar.kz

Не болды?

Түркістандағы Қарашық өзенінің жағасында жаңа эко саябақ ашылды. Саябақта күннен қуат алатын 170 шам мен 11 пикник алаңы бар. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Әкімдіктің мәліметіне қарағанда, Қарашық өзенінің жағасындағы «Түркістан» деген эко саябақтың аумағы — 50 гектар.  Саябақтың ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Әкімнің айтуынша, жаңа парк қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалуға, спортпен айналысуға және отбасымен уақыт өткізуге арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналады.

Саябақ аумағында жергілікті ауа райына бейімделген ағаштар оның ішінде тораңғы, үйеңкі, акация, терек пен өрік ағаштары отырғызылды. Сонымен қатар төрт көпір, үш волейбол алаңы, футбол алаңы, аумағы 4 мың шаршы метр болатын балаларға арналған алаң, балық аулауға арналған үш орын, от жағуға және барбекю жасауға арналған 11 пикник алаңы бар. Бұдан бөлек күннен қуат алатын 170 шам, шағын сәулет нысандары, тас пен ағаштан жасалған мүсіндер орнатылған.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қытай инвесторлары Түркістан облысына 172 млрд теңге инвестиция құйып, тау шаңғысы кластерін салады.

Мақалаға реакция