Алматыдағы энергия апатының себебі анықталып жатыр

Қала жергілікті уақыт 14.30 шамасында жарықсыз қалды. Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметінше, жылу электр орталығындағы ақау қаланың көп бөлігін электр энергиясынан ажыратты.

Сағат 16.30 шамасында қалаға кернеуі 220 киловольт болатын кабель желісімен электр жарығын беру қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта Алматыдағы бағдаршамдар қайта іске қосылды. Жол қозғалысын бақылап, реттеуге полиция департаментінің 450 қызметкері шықты.

Апат себебін арнайы жұмыс тобы анықтайды. Мегаполистегі жағдай бақылауда, — деп хабарлады басқарма мамандары.

Айта кетейік, қала электр жарығынсыз қалған кезде қоғамдық көліктің, өндіріс орындарының, әкімшілік кеңсе-ғимараттардың жұмысы тоқтады.