Биыл 10 мың орындық 31 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл туралы сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.
2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазақстандық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20%, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15% көбейеді.