Не болды?
Алматы метрополитенінде жолаушының қауіпсіздігін күшейту мақсатында жаңа шектеулер қабылданды. Енді метро вагонына жеке қозғалыс құралының кей түрін алып кіруге және тасымалдауға тыйым салынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Метрополитен баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа талаптар «Алматы қаласы метрополитенінде жекелеген қозғалыс құралдарын тасымалдауға шектеу енгізу туралы» бұйрық бойынша қабылданған.
Жаңа ережелердің негізгі мақсаты – жолаушы мен метро қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамту, өрт қауіпсіздігі күшейту.
Енді Алматы метросында мынадай көлік құралдарын алып жүруге болмайды:
- электро-велосипедтер;
- электро-самокаттар;
- велосипедтер (балалар велосипедінен басқа);
- скейтбордтар;
- электро-монодөңгелектер және осыған ұқсас өзге де жеке қозғалыс құралдары.
Сонымен қатар шектеу мына заттарға қатысты емес:
- қапқа салынған жиналмалы электрлі емес велосипедтер;
- қапқа салынған жиналмалы электрлі емес қозғалыс құралдары;
- балалар арбасы;
- мүгедектерге арналған кресло-арбалар.
Метрополитен әкімшілігі қала тұрғындары мен қонақтарын жаңа талаптарға түсіністікпен қарап, метроға отыру қағидасын сақтауға шақырды.
Контекст
Қаладағы электросамокат айдаудың жаңа ережесі қандай? Мына жерден оқыңыз.
