2022-2023 оқу жылына бөлінген гранттар тізімі жарияланды

Магистратураға түсуге 13 мыңнан аса грант, докторантураға 1 800-ден аса грант бөлінген.

2022-2023 оқу жылына мамандықтар бойынша бөлінген білім беру гранттары тізімі Ұлттық тестілеу орталығының веб-сайтында жарияланды: бакалавриатмагистратурадокторантура.

2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Ең көп грантты «Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы» білім беру бағдарламалары тобы алды, саны — 17 794 грант. «Педагогикалық ғылымдар» – 10 810 грант, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 9 103 грант, «Жаратылыстану, математика және статистика» – 6 288 грант. Техникалық салаларға ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік тапсырыстар үлесі 60% дейін ұлғайтылды, — делінген хабарламада.