Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алғашқы махаббаттың әуені қайта оралады: Энрике Иглесиас тұтас бір дәуірдің жүрегін қалай жаулады?

Фото: Энрике Иглесиастың жеке архивінен
Кей әннің ғұмыры хит-шерудегі орнымен өлшенбейді. Олар уақыттың сынынан өтіп, тұтас бір буынның өмір жолын қалыптастырады. Бір сәтке ғана таныс әуен естілсе болды – мектеп бітіру кеші, студенттік шақ, алғашқы кездесу, алғашқы сезім, достармен өткен ұмытылмас кештер көз алдыңнан кино таспасындай сырғып өте шығады. Энрике Иглесиастың шығармашылығы дәл осындай әсер береді.

2000 жылдары жас болған миллиондаған тыңдарман үшін Энрикенің әндері жай ғана музыка туындысы емес. Бұл алғашқы махаббаттың үнсіз куәсі, жүрек дүрсілін үдеткен сезімнің, орындалған армандар мен қимастыққа толы сәттердің саундтрегі.

Hero әні алғаш рет сезімді сөзбен жеткізе алмаған жандардың жүрегінен орын тапса, Escape талай ғашықтың әніне айналды. Ал Bailamos пен Rhythm Divine бүкіл әлемдегі би алаңын дүр сілкіндіріп, жазғы демалыстың, студенттік кештердің және достармен өткен жарқын күндердің ажырамас бөлігіне айналды.

Енді сол әндер алғаш рет Қазақстан сахнасында шырқалмақ. 3 қыркүйекте Энрике Иглесиас Астанада, ал 5 қыркүйекте Алматыда өнер көрсетеді. Концерт билеттері Freedom SuperApp пен Ticketon.kz платформасында сатылымда.

Энрике Иглесиас, Астана, концерт
Фото: Энрике Иглесиас

Әлемді латын әуенімен баураған өнер иесі

Өткен ғасырдың соңында әлемдік музыка сахнасында жаңа есім жарқ ете қалды. Испан тілінде ән шырқайтын жас орындаушы қысқа уақыттың ішінде миллиондаған тыңдарманның ықыласына бөленіп, латын музыкасын жаңа белеске көтерді.

Энрике Иглесиас сахнаға шыққан кезде латын поп-музыкасы белгілі бір аудиторияға ғана арналған жанр еді. Алайда әншінің шығармашылығы бұл түсінікті түбегейлі өзгертті.

Ол испан тіліндегі әндердің де әлемдік хитке айнала алатынын дәлелдеді. Энрикенің шығармашылығында шынайылық пен қарапайымдылық ерекше үндеседі. Қазір Энрике Иглесиасты көпшілік «Латын поп-музыкасының королі» деп атайды.

Өнер жолында ол Grammy сыйлығының лауреаты атанып, бес мәрте Latin Grammy жүлдесін иеленді. Алғашқы Grammy марапатын 1997 жылы өзінің испан тіліндегі дебют альбомы үшін жеңіп алды. Бұл марапат Энрикенің халықаралық мансабындағы маңызды белес.

Энрике Иглесиас, Астана, концерт
Фото: Энрике Иглесиастың жеке архивінен

Bailamos — Энрикені әлемге танытқан ән

1999 жыл Энрике Иглесиастың шығармашылық жолындағы ең шешуші кезеңyің бірі болды. Осы жылы оның Bailamos әні әйгілі актер Уилл Смит басты рөлді сомдаған «Wild Wild West» фильмінің саундтрегі болып бекіді. Осы сәттен бастап Энрикенің есімі испан тілді аудиторияға ғана емес, бүкіл әлемге кеңінен таныла бастады.

Әлемдік жұлдыздармен үндескен шығармашылық

Энрике Иглесиастың шығармашылық жолындағы тағы бір ерекшелік – түрлі музыкалық бағыттағы әлемдік деңгейдегі орындаушылармен дуэті.

Ол Уитни Хиюстон, Лайонел Ричи, Pitbull, Николь Шерзингер, Кайли Миноуг, Шон Пол, Ромео Сантос, секілді әйгілі өнер иесімен бір сахнада ғана емес, бір студияда бас қосты. Бұл дуэттердің басым бөлігі хитке айналып, миллиондаған тыңдарманның жүрегінен орын тапты.

Escape — өмірлік махаббатын сыйлаған бейнебаян

2001 жылы Энрике Escape әніне бейнебаян түсіріп, онда басты рөлді әлемге танымал теннисшінің бірі Анна Курникова сомдады.

Энрике мен Анна Escape бейнебаянының түсірілімінде танысты, кейін олардың хикаясы шынайы махаббатқа ұласты. Арада жиырма жылдан астам уақыт өтсе де қос ғашықтың жұбы жазылмады. Қазір олар төрт бала тәрбиелеп отыр.

Энрике Иглесиас, Астана, концерт
Фото: Энрике Иглесиастың жеке архивінен

Hero — үміт символына айналған ән

Жиырма жыл уақыт өтсе де, Hero өз заманының ең сүйікті романтикалық әннің бірі болып қала береді. Қазір де бүкіл әлемде үйлену тойда бұрынғыша шырқалады.

Бұл әннің ерекше тарихы бар. Hero 2001 жылғы 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын жарық көрді. Терактіден соң Нию-Йорк радиостанциялары құрбандарды еске алу кезінде дәл осы әнді ойната бастады. Ал Энрике оны America: A Tribute to Heroes қайырымдылық телемарафоны кезінде орындағаннан кейін ән тыңдарман үшін жаңа мағынаға ие болып, қайсарлық пен үміттің символына айналды.

Мақалаға реакция