Докторанттарды даярлауға арналған грант тізімі жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға 2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады.

Тізімді мына жерден көруге болады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсуге арналған конкурсқа қатысу үшін шекті балл – 75 балл.

2022 жылдан бастап докторантураға түсуге ниетті азамат шет тілін білетіні туралы сертификатпен қатар, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы қажет.