57 үміткерге “Болашақ” стипендиясы тағайындалды

Олар магистратура мен докторантурада білім алады, әлемнің жетекші ғылыми және өндіріс орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды деп хабарлайды Zakon.kz. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сонымен бірге әлемнің жетекші ғылыми және өндіріс орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Ал доктор дәрежесін алуға 7 адам, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты.

Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы “Болашақ” халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.