Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қызылорда облысында тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл алды

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Не болды?

Қызылорда облысында тағы бір түлек ҰБТ-дан ең жоғары нәтиже көрсетті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ең жоғары ұпайды Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы Мардан Байділдаев атындағы №232 орта мектептің 11-сынып оқушысы Альфия Балхан алды. 

Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алтын белгі» иегері атанған түлек қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнін таңдап, ҰБТ-да барлық сұраққа дұрыс жауап берген. Бұл жетістікке ол жүйелі дайындықтың, қажырлы еңбектің және ұстаздарының кәсіби қолдауының арқасында қол жеткізген.

Альфия алғашқы нағыз ҰБТ-дан да жоғары балл алған. Нәтижесінде бірінші мүмкіндігінде 138 балл жинаса, екінші мүмкіндігінде 140 балл алды.

Контекст

Естеріңізге салайық, Түркістанда бір кластың 2 оқушысы 140 балл жинады.

Мақалаға реакция