130 мыңға жуық студент пен докторанттың стипендиясы өседі

Жастарымыздың тегін негізде жоғары білім алуына мүмкіндіктер кеңейтіліп жатыр. 2025 жылға қарай мемлекеттік білім гранттарын 50% ұлғайту жоспарланған. Оның ішінде мектеп бітіретіндердің орташа көрсеткіші жалпы республикалық деңгейден төмен өңірлердің жастарына өзге өңірлердегі университеттерде білім алуы үшін биыл алғаш рет мақсатты 10 мың грант бөлінеді, — деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, бұл аталған өңір жастарының білімін лайықты деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі шешім.

2025 жылға дейін студенттер стипендиясы жыл сайын 20%-ке, ал магистранттар мен докторанттар стипендиясы 15%-ке артады. Бұл жалпы 130 мыңға жуық студент, докторантты қамтиды. Студент жастар үшін өзекті мәселелердің бірі жатақхана тапшылығы. Оны жүйелі шешу мақсатында соңғы 3 жылда 30 мың орын берілді. Биыл 10 мың орындық 31 жатақхана пайдалануға беріледі, — деді Ералы Тоғжанов.