Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Бұл туралы Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты.
Қазақстанда 5G жиіліктерін тарату бойынша аукционның бірінші лоты аяқталды. Сауда-саттық кезінде "Мобайл Телеком Сервис" ЖШС және "Кселл" АҚ тұратын консорциум радиожиілік жолақтарын 62,6 миллиард теңгеге сатып алды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстанда бесінші буындағы ұялы байланыс - 5G-ді енгізу бойынша тапсырмалар берді. Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады.