Не болды?
Қазақ сазгері, түрлі ұлттық музыка аспабында ойнайтын Дана Зұлпыхар Netflix платформасындағы «Аватар: Аанг туралы аңыз» (Avatar: The Last Airbender) сериалының саундтрегін шығаруға атсалысты. Музыкант әлеужелідегі парақшасында жазба жариялап, ерекше жаңалықты бөлісті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Дана сериалдың музыкалық сүйемелдеуіне қазақтың ұлттық аспабы – домбыра мен қобыз партиясын қосқан. Енді қазақ халқының саз өнері әлемдік стримиң платформада танымал жобаның саундтрегіне айналады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл Дана Зұлпыхардың халықаралық деңгейдегі алғашқы жобасы емес. Бұған дейін Нию-Йоркте өткен Coachella фестивалінде WHATMORE тобының құрамында болып, өнер көрсетті. Сонымен қатар фестивальге қатысқан өзге де әртістің шығармасына авторлық ішекті аспап партиясын жазып берген. Олардың композициясы Coachella-ның ресми бағдарламасында орындалды.
Қазақстанда Dana Tunes лақап атымен танымал өнер иесінің дискографиясында Nege Sezbedim, Ber Turma және Mende Bar Arman сынды туынды бар. Қазір ол сегіз жылдан бері Лос-Анжелесте тұрып, қазақтың ұлттық музыкасын шетел аудиториясына таныстырып жүр.
Қазақ музыкасы өз деңгейінде әлі бағаланбады. Тіпті өзіміз де оның қадірін толық түсіне бермейміз. Мен оның әлемнің түкпір-түкпірінен өз тыңдарманын тапқанын қалаймын. Көп музыкант пен профессордың қазақ өнеріне таңданысын байқадым. Сондықтан әлемге біздің өнерімізді таныстыру – мен үшін үлкен мәртебе, – деген еді Дана.
Музыкант кәсіби өнер жолын бала кезінен бастаған. Жеті жасында-ақ Қазақстанның мемлекеттік симфония оркестрімен бірге сахнаға шыққан. Ол қобыз, домбыра, скрипка, альт, гитара және фортепианода еркін ойнайды. 2018 жылы Дана АҚШ-қа көшіп, Беркли музыка колледжінде білім алған.
Дана Зұлпыхар сазгер ретінде «Капитан Байтасов», «Алматы, я люблю тебя!», «Зере» және басқа да отандық фильмге музыка жазған. Сонымен қатар Star Wars Outlaws: Wild Card ойынының саундтрегін жазуға қатысып, қобыз, альт және скрипка партиясын орындаған. Оның авторлық шығармалары бүгінде халықаралық және ТМД елдерінің жетекші стримиң платформаларында жарияланған.
Контекст
Естеріңізге салайық, «Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмі қазақ тілінде прокатқа шықты.
