Қазақстанда 5G желісі қашан қолжетімді болады?

Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте, 2023-2024 жылдары — облыс орталықтарында іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Ауылға 5G тартылмайды, — деді Асхат Оразбек мәжіліс отырысында.

Айта кетейік, мәжіліс отырысында депутаттар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне байланыс, интернет сапасының нашарлығы үшін операторларға салынатын айыппұлды ұлғайту бойынша түзетулерді мақұлдаған болатын.