5G жиілігіне арналған аукцион жеңімпаздары анықталды

Келешекте 5G желісінің негізгі қолданушылары мүдделі тұлғалардың ішінен анықталады. Бұл — жоғары жылдамдықты қажет ететін ірі бизнес абоненттері. Бұл – өте көп видео қарайтын, жақсы, сапалы байланысты қажет ететін әлеуметтік желі қолданушылары. Халықаралық зерттеу мобайл технологияларды енгізу қарқыны мен халық пен бизнестің экономикалық белсенділігінің тікелей байланысы бар екендігін көрсетіп отыр. 4G технологиясын енгізген кезде және оның қарқынды дамыған уақытында халыққа, бизнеске қандай пайда әкелгенін көріп отырмыз. 2022 жылдың соңында республикалық маңызы бар үш қалада – Алматы, Астана және Шымкентте 5G желісін іске қосу жоспарланған. 2025 жылға дейін еліміздің барлық облыс орталығына желі таратылатын болады, — деді Асхат Оразбек орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, аукциондағы сауда-саттық қорытындысында 62,6 миллиард теңге болатын №1 лотты, 93,4 миллиард теңге болатын №2 «Мобайл телекомсервис» ЖШС мен «Кселл» АҚ консорциумы жеңіп алған. Жеңімпаздар төлем жасағаннан кейін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде тұңғыш рет 5G үшін ашық аукцион өтіп жатқанын жазған едік.