Не болды?
Енді бастауыш класс оқушылары БЖБ, ТЖБ тапсырмай, диктант, мазмұндама жазуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова парламентте мектептегі бастауыш класс оқушылары БЖБ (бөлімдік жиынтық бағалау) мен ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) тапсырмауы мүмкін екенін хабарлады. Министр бұрынғы бағалау жүйесіндегі бақылау мен диктант тапсырмаларын қайта енгізу қажет деп есептейді. Сонымен қатар БЖБ, ТЖТ тапсырмаларының сатылып жатқанын және бұған құқықтық баға беру керек екенін айтты.
Оқу-ағарту министрлігі ТЖБ және БЖБ бойынша кең ауқымды талдау жасап жатыр. Көптеген дамыған елдердегі бастауыш класс оқушылар БЖБ, ТЖБ тапсырмайды. Қазір біз бөлек бағалауларды, яғни диктант, шығарма жазу, мазмұндаманы енгізіп, ТЖБ-дан біртіндеп бас тартуды жоспарлап отырмыз. Мұндай өзгерістерді енгізу үшін нақты негіздеме мен жан-жақты сараптама қажет, — дейді Жұлдыз Сүлейменова.
Тамыз айындағы конференцияда нақты қай классқа қандай бағалау жүйесі бекітілетіні анықталады.
Контекст
Естеріңізге салайық, жазда оқушылар мен студенттер жұмысқа орналасып, 350 мың теңгеге дейін табыс таба алады.
