Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G желісі сынақтан өтіп жатыр

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тесттен өткізіп жатыр. Алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп жатыр, — деп жазды министр Instagram-парақшасында.