Луврды тонады деп күдікке ілінгендердің бәрі қамауға алынды

Не болды?

Француз полициясы Лувр музейін тонауға қатысы болуы мүмкін соңғы күдіктіні тұтқындады. Бұл туралы BILD хабарлап отыр. 

Мәлімет

Le Parisien басылымының хабарлауына қарағанда, ер адам құрылыс алаңында ұсталған. Қазір ол жеке камерада отыр. 39 жастағы ер адам Сена-Сен-Дени департаментінен шыққан. Бұған дейін құқық бұзғаны үшін алты рет істі болған.

Луврды жасы 34 пен 39 жасқа дейінгі төрт ер адам тонаған. Олардың ішінде екеуі Аполлон галереясына кіріп, қалған екеуі сыртта күтіп тұрған. Олар жалпы құны 88 миллион еуро тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлаған.

Тағы бір күдікті әйелге қылмыс жасағандарға көмектесті деген айып тағылды. Алайда қазір ол бостандықта жүр.

BILD басылымының хабарлауына қарағанда, қылмысты кім ұйымдастырғаны белгісіз. Тергеушілер қылмыстың артында күдіктілерден басқа адамдар тұруы мүмкін дейді. Қолды болған корольдің зергерлік бұйымдардың қайда екені де белгісіз.

Контекст

Луврдағы даулы ұрлық туралы деректі фильм түсіріледі.

Луврда жаңа дау шықты: блогерлер музейге өз портретін іліп кеткен.

Лувр 2026 жылға дейін бейнебақылауды үш есе күшейтеді.