Алматыда Сайран көлі маңынан қару-жарақ табылды

Не болды?

Алматыда Сайран көлі маңынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Polisia.kz мәліметіне қарағанда, биыл 900-ден астам қару, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару-жарақ пен төрт мыңнан астам оқ-дәрі мемлекет меншігіне өтті. 27 сәуірде полиция қызметкерлері Алматыда Сайран көлі маңынан қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тапты.

27-29 сәуір аралығында 67 атыс қаруы, әртүрлі калибрлі 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді, — делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі заңсыз алған қаруды ерікті түрде мемлекетке тапсырған азаматтарды қылмыстық, әкімшілік жауапкершіліктен босататынын мәлімдеді.

Контекст

Естеріңізге салайық, жыл басында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған сегіз қару табылған еді.