Не болды?
Telegram қолданбасының негізін қалаған Павел Дуров Париждегі Лувр мұражайынан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, оларды қайырымдылық ретінде қайта табыстауға дайын. Ол бұл туралы өзінің парақшасында жазды.
Мәлімет
Ұрланған әшекейлерді қуана-қуана сатып алып, оларды Луврға қайта сыйлар едім. Алайда Әбу-Дабидегі Луврға беремін. Себебі Әбу-Даби Луврынан ешкім ештеңе ұрламайды, — дейді миллиардер.
Бұған дейін Павел Дуров бұл оқиғаны «Францияның құлдырауының тағы бір белгісі» деген еді.
Контекст
Естеріңізге салайық, 19 қазан күні бір топ адам Лувр мұражайына кіріп, француз патшайымдарына тиесілі сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен еді.
