Өскеменде зауыттағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өскеменде «Қазцинк» кәсіпорнындағы жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, апат салдарынан екі адамның қаза болуына байланысты ҚР ҚК-нің еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған.

Қазір оқиға орнында жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпаратты ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге тыйым салынған, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 мамырда Өскемендегі «Қазцинк» зауытының бір цехында жарылыс болды. 

Апат салдарынан екі адам қаза болып, тағы бес адам жарақат алған.