Париж прокуроры Лора Бекко Лувр музейінен ұрланған құнды бұйымдардың жалпы шығыны 88 миллион еуроға бағаланғанын мәлімдеп отыр.
Оның айтуынша, бұл сома тек материалдық құнын ғана көрсетеді, ал тарихи және мәдени шығынды ақшамен өлшеу мүмкін емес.
Лувр кураторы залалды 88 миллион еуро деп бағалады. Бірақ мұны тек ақшалай шығын деп қарауға болмайды, себебі жоғалған мұраның мәдени мәні әлдеқайда жоғары, – деді прокурор RTL телеарнасына.
Қазіргі уақытта Париж прокуратурасы ұрлыққа қатысы бар күдіктілерді анықтау және қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеу бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, Парижде әлемге әйгілі Лувр музейін тонап кеткен болатын.
