Луврды тонауға қатысы бар тағы бес адам қолға түсті

Не болды?

Бүгін Луврды тонауға қатысы бар тағы бес адам қолға түсті. Олардың арасында ұйымдастырушының өзі де бар. Бұл туралы RTL хабарлап отыр.

Мәлімет

Париж полициясы 19 қазан күні таңертең Луврда болған ұрлыққа қатысы бар азаматтарды қаланың әртүрлі аудандарынан ұстап алды. Париж прокуроры Лора Бекконың айтуынша, ұсталғандар арасында қарақшылықты ұйымдастырушының өзі де бар. Оның ДНҚ ізі қылмыс орнынан табылған.

Бекконың сөзіне қарағанда, іздеу жұмысына мәдени құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі орталық басқарма тартылған. Бұл қызмет өнердің заңды нарығын ғана емес, осындай заттар сатылуы мүмкін көлеңкелі жүйелерді де бақылайды.

Бағасы шамамен 102 миллион доллар тұратын ұрланған әшекейлер әлі табылған жоқ. Олар патшалық коллекцияларға тиесілі бірегей бұйымдар: екі мың бриллиантпен безендірілген Евгенияның диадемасы, Мария Амалияның алқасы және Гортензия де Богарненің зергерлік бұйымдары. Наполеонның екінші әйелі, патшайым Мари-Луизаның әшекейлері де ұрланған.

Контекст

Естеріңізге салайық, осыған дейін Луврды тонаған екі адам қолға түскен еді. 

Telegram қолданбасының негізін қалаған Павел Дуров мұражайдан ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып алып, Әбу-Дабидегі Луврға сылайтынын айтқан еді.

19 қазан күні бір топ адам Лувр мұражайына кіріп, француз патшайымдарына тиесілі сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен еді. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да