Не болды?
Қазақстан мен Ресей өндірушілерінің ұнында темір мен мырыш мөлшері жеткіліксіз. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлап отыр.
Мәлімет
Биыл мамандар жоғары және бірінші сортты ұнның 118 үлгісін зерттеген. 57 сынама еліміздің өндірушілерінен, 61 сынама ТМД елдеріндегі компаниялардан алынған.
Ұнды фортификациялау (дәрумен, минералдармен байыту — ред.) міндет. Бұл талап отандық өндірушілерге де, импорттаушыларға да қойылған. Ұнға міндетті түрде:
-
темір,
-
фолий қышқылы,
-
мырыш,
-
B тобының дәрумендері қосылуға тиіс.
СЭБК бұл әрекет қаназдықтың алдын алу, балалар мен аяғы ауыр әйелдердің денсаулығын жақсарту үшін қажет дейді. Өндіруші қоспалар туралы ақпаратты қаптамада көрсетуге міндетті.
Тексеру қорытындысы бойынша, ұн шығаратын тоғыз компания талаптарға саай келмеген. Олардың жетеуі Қазақстанда, екеуі Ресейде өндірілген. Бұл компаниялардың ұнында темір мен мырыш жетіспейді.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, Қытай Қазақстан ұнын көптеп сатып ала бастады.
