Луврдағы даулы ұрлық туралы деректі фильм түсіріледі

Америкалық режиссер әлемге әйгілі Лувр музейінде болған ең танымал ұрлық оқиғасы жайлы триллер жанрына ұқсас деректі фильм түсіруді қолға алды.

Бұл туралы BILD хабарлап отыр.

The Hollywood Reporter мәліметінше, жаңа жоба ұрлыққа қатысты жүргізілген тергеу барысын, қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарын нақты уақыт форматына жақын стильде көрсетеді.

Жобаны америкалық режиссер Ар Жей Катлер мен француз деректі фильм авторы Лоран Бузеро бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар оқиға куәгерлері, музей қызметкерлері мен Париж тұрғындарының пікірлері де енгізіледі.

Еске салайық, Луврға 19 қазан күні таңертең белгісіз ұрылар кіріп, небәрі жеті минут ішінде құны 88 миллион еуроға бағаланатын әшекейлер мен қымбат бұйымдарды қолды еткен. Бір апта өткен соң бірнеше күдікті ұсталды. Тергеу барысында музей залдарының үштен бірінде бейнебақылау камералары орнатылмағаны, ал дабыл жүйесінің жұмыс істемегені анықталды.

Ұрлықтан бір ай өткенде екі бельгиялық азамат музей қауіпсіздігін тағы да айналып өтуді сәтті жүзеге асырған.

Париж прокуроры Лор Бекконың айтуынша, музейге шабуыл жасағандар кәсіби ұрылар емес, қаланың қолайсыз аудандарында тұратын ұсақ қылмыскерлер болған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да