Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, мемлекет басшысы Айбек Дәдебайдың атқарған қызметіне ризашылығын білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді, – деп жазды Айбек Смадияров.
Сонымен қатар баспасөз хатшысы Айбек Дәдебайдың алдағы қызметіне қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, жақын уақытта елімізде өтетін маңызды саяси науқан аясында Айбек Дәдебай мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен қоғамдық-саяси бағытта жұмыс жүргізеді.
