Тоқаев Еуропалық Кеңес президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен келіссөз жүргізді. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.

Қазақстан президенті кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 10 жыл толуымен тұспа-тұс келген бұл сапардың символдық мәнге ие екеніне тоқталды. Еліміз – Еуропа Одағымен осындай тарихи келісім жасаған өңірдегі тұңғыш мемлекет, – деп жазды «Ақорда».

Бір айта кетерлігі, Еуропалық Кеңес президенті Антониу Кошта Қазақстанға алғаш рет келіп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да