29 тамызға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел тұрып, 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз шаңды дауыл соғады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күндіз қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының басым аумағында ауа температурасы 43°С болса, Маңғыстау облысында 40 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжануда.

Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі бар.