Қазақстан шахматшысы Бибісара Асаубаева алғаш рет әйелдер арасындағы әлем рейтиңінің үздік бестігіне енді.
Шілде айына арналған Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңартылған рейтиңінде 22 жастағы Қазақстан гроссмейстері 2538 рейтингтік ұпай жинап, алдыңғы тізіммен салыстырғанда екі сатыға жоғарылады. Осылайша, Асаубаева кәсіби мансабында алғаш рет әлемнің ең үздік бес шахматшысының қатарына қосылды.
Әлем рейтиңінің көш басында Қытай өкілі Хоу Ифань тұр. Ал үздік бестікке сондай-ақ Қытай шахматшылары Чжу Цзиньэр, Лэй Тинцзе және қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюнь енген.
Бибісара соңғы уақытта халықаралық жарыстарда тұрақты жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Маусым айында ол Норвегияда өткен беделді Norway Chess Women 2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Аталған жарыста Қазақстан шахматшысы қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньді жеңіп, үлкен сенсация жасаған болатын.
Осы жеңістің нәтижесінде Бибісара Асаубаева FIDE-нің 2026–2027 жылдарға арналған әйелдер циклінің жалпы есебінде көш бастады. Бұл көрсеткіш оның әлем чемпиондығына үміткерлер турниріне жолдама алу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.
Айта кетейік, 2026 жылғы маусымда Бибісара Асаубаева екінші дәрежелі “Барыс” орденін алды
