Не болды?
85 жасқа келген халық жазушысы, драматург Софы Сматаевқа «Отан» ордені берілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала әкімі Дархан Сатыбалды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша тағайындалған «Отан» орденін Қазақстанның халық жазушысы, драматург Софы Сматаевқа табыстады. Бұл марапат Софы Сматаевқа қазақ әдебиетін дамытуға қосқан үлесі мен әлеуметтік-мәдени саладағы жетістіктері үшін берілді. Кездесу барысында Дархан Сатыбалды мемлекет басшысының құттықтау жеделхатын оқып беріп, Софы Сматаевқа зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілеп, қаламгердің бай мәдени мұрасын сақтаудың маңызды екенін айтты.
Софы Сматаев – 1941 жылы туған, халық жазушысы, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
Контекст
Естеріңізге салайық, Софы Сматаев 2021 жылы әдебиет және өнер қайраткерлеріне арналған президент стипендиясын алған еді.
