24 тамыз: Күн ыстық болады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атырау, кей жерлерде Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында қатты ыстық ауа райы сақталады.