21 тамыз: жел күшейеді

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі, жаңбыр жаууы мүмкін.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 17-22 м/с күшейеді, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Атырау облысының басым бөлігінде, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.