Қызылордада жаңа автобус паркі ашылды

Жаңа автопаркте үлкен сыйымдылықтағы автобустарға арналған тұрақтар, жанармай бекеті, көлік жуу алаңы және автобустардың үздіксіз жұмыс жасауына жағдай жасайтын түрлі мүмкіндіктер қарастырылған.

Автопарктің ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, тұрғындарды құттықтады.

«Қаламызда халықты баспанамен қамту, инженерлік-инфрақұрылымдарды дамыту секілді ең маңызды салаларда мақтанышпен айтарлықтай ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Солардың ішінде басты жетістіктеріміздің бірі — қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және қаламыздағы көлік қатынасын дамыту мақсатындағы жобалар.  Міне, осындай маңызды жобаларымыздың тағы бір нәтижесі — қоғамдық көліктерді күтіп-ұстауға, техникалық қызмет көрсетуге жабдықталған қалалық автобус паркі пайдалануға берілгелі тұр»- деді Қырымбек Көшербаев.

Айта кетейік, автобус паркінің жалпы аумағы 200 автобусқа шақталған.

ДереккөзInform.kz