17 тамызға арналған ауа райы болжамы

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ аралас дауыл болуы ықтимал.

Қызылорда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі.

Алматыда, түнде Қарағандыда, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі бар.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да