3 тамыз: Күн ыстық болады

3 тамыз күні Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Шығыс-Қазақстан облыстарында бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м\с, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысында жел 17-22 м/с болып, дауыл көтерілуі мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 18 м/с болады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түседі.

Күндіз Алматы, Атырау, кей жерлерде Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында күн ыстық болады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, кей жерлерде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.