Алматының бірнеше көшесінде көлік қозғалысы біржақты болмақ

Кіші көлік айналымы шекарасына қатысты Шевченко және Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы біржақты болады.

2017 жылдың қыркүйек айында көлік қозғалыстары төмендегідей ұйымдастырылады:

Шевченко көшесінің бойында Достық даңғылынан Жароков көшесіне дейінгі аумақта трамвай рельстері алынып тасталған соң, жолдар орташа ағымдағы жөндеуден өтіп, бастыс бағытқа қарай көліктің біржақты қозғалысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін екіжақты веложол абаттандырылады.

Құрманғазы көшесі, Мұқанов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соң шығыс бағытта біржақты көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Аталған көшелерде апатты жағдайлардың алдын алып, Абай даңғылындағы көлік қозғалысының салмағын 15%-ға дейін қысқартады деп жоспарланып отыр.

№112 бағыттағы автобус шығысты бетке алып, Жароков көшесінен Абай даңғылы және Мұқанов көшесі бойымен Құрманғазыдан шығады.