Медицина, дәрігер, рентген
©medpro.kz

Нейро рталық үшін бос тұрған 1000 шаршы метр аумағы бар ғимарат жеке меншік компанияның басқаруына берілген.

Сонымен бірге, Қарағандыда ересектерге арналған «Луч» нейро оңалту орталығы да ашылды. Онда науқастар инсульт, ми инфаркті және тағы да басқа жүйке дерттерінен соң ем алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, бұл қызметтердің көбі тегін, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсетіледі.

Ал, 1 қыркүйекке қарай онкологиялық және туберкулез диспенсерлерінде ахуалды орталықтар ашу жоспарланған. Жобаның негізгі мақсаты – науқастардың жағдайын ауруханадан шыққан соң қадағалау және қажетті кеңестер беріп, көмек көрсету.

«Сонымен қатар ақпараттық-кеңес беру сайты іске қосылады. Оның мәнісі неде? Мысалы, біздің шалғай аудандардағы әріптестеріміз диагноз қоюда немесе науқасты емдеу тактикасында қиналады делік. Сол кезде сайтқа кіріп, емделушінің дерті туралы толық мәліметті енгізеді. Сонан соң жалпы тізімнен қажетті бейінді маманды таңдайды», – деп алдағы жоспарларымен де бөлісті денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!